Қарасайда неше жұп некелесіп, қанша бала дүниеге келді?  

 Қарасайда неше жұп некелесіп, қанша бала дүниеге келді?   

Бүгін 22.02.2022  сандарымен белгіленген 100 жылда бір келетін ерекше күн. Дәл осы күні Қарасай ауданында 23 жұп отбасын құрып, қазіргі уақытқа дейін 14 сәби өмірге келді, деп хабарлайды Naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.

Аудандық АХАТ бөлімінің мәліметінше, басқа күндері 10-15 жас жұбайлар өз некелерін тіркейді. Дегенмен, көбінде шаңырақ көтеруге ниетті жандар осындай ерекше үйлескен сандары бар күнді таңдайды екен. Бүгін де әдемі сандарды тізілген айтулы дата екені сөзсіз. Сондықтан, көптеген отбасылар осы күнді өздерінің шаңырақ көтерген сәтті деп санайды. Қаскелең қаласында орналасқан ауданаралық көпсалалы ауруханасындағы перзетханада бұл ерекше күні осы сағатқа дейін 14 сәби дүние есігін ашқан.

Үйлесімділік пен сәтті күнге саналатын 22.02.2022 күні жайлы нумерологтардың пікірі қандай? Нумеролог Алтынай Азимова бұл күнді ойлар мен ниеттерді материалдандыруды үйрену үшін тамаша дата деп болжайды. Сонымен қатар, бұл күн даму үшін қажетті бағытты нақты және сауатты белгілеуге, жоспар құруға сәтті күн деп саналады.  Оған қоса, сарапшы ешкіммен қақтығысып, дауласпауға кеңес береді.

Ерекше датада отау құрған отбасыларға қатысты да нумеролог Гүлжанат Сәндібек өз болжамын ұсынды. «Бұл күні шаңырақ көтергендердің таңдауы 22.02.2022 күніне түскені бекер емес екенін айткым келеді.  Себебі, бұл белгіленген дата тек 2 сандарынан тұрады.  Екілік энергияның саны, яғни отбасы тек алдына ұмтылу, мақсат қою, жетістікке жетуге жол ашады. Отбасын құру – өміріміздегі ең үлкен жаналықтардың бірі, бұл қуаныштты күннің  ерекшелігін 22.02.2022 белгіленуі одан сайын еселенеді», –сандардың эксперті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях