Президенттікке үміткер ретінде тіркелген Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін аудандық қоғамдық штабы құрылып, оның ресми түрде салтанатты ашылу рәсімі болды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Саяси науқанға орай өткізілген жиын «Amanat» партиясы Қарасай аудандық филиалында өтті.
Басқосу барысында аталмыш ұйымның жанынан құрылған штабтың мақсат-міндеттері айтылып, оның құрамындағы 54 адамның алда атқарылатын жұмыстары түсіндірілді.
Сонымен қатар бұл жиында Қарасай аудандық қоғамдық штабының төрағасы Қаныбек Айтжанов штаб мүшелеріне Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлының сенім білдірген адамын растайтын төлқұжаттарды табыс етті.
Айта кету керек, Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға 86 адамнан тұратын сенімді өкілдер аудан тұрғындарынан 6280 адамның қолын жинады.
Үгіт-насихат кезеңі 21 қазан мен 18 қараша аралығында аудандық штабтың ұйымдастыруымен өткізіледі. Соған сәйкес жоспарланған 95 іс-шарада топтарға бөлінген спикерлер желілік кестеге бойынша елді мекендерде 103 мың адамды қамту жоспарда бар.