Қарасай жерінде де береке бірлік жарасым табуда

Қарасай жерінде де береке бірлік жарасым табуда

Қарасай ауданының халқы бүгін аудандық Мәдениет үйінің алаңында бас қосып, Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін атап өтті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Мерекелік шараға Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов арнайы қатысып, айтулы күнге орай ұйымдастырылған қолөнершілердің көрмесін аралап, спорттық ойындарға куәгер болды. Сонымен қатар, аудан басшысы түрлі халықтың этно-мәдени орталықтарының өкілдерімен әңгімелесіп, әр ұлттың салт-дәстүрімен танысып, мерекелік жылы лебізін білдірді.

Ел бірлігін дәріптеген бұл іс-шараның аясында концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды. Әр халық өздерінің ұлттық биін билеп, әнін шырқап, мәдениетінен сыр шертіп, келген көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шараның барысында Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлы қарасайлықтарды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, күнтізбеде алар орны бар бұл мерекенің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ аудан әкімі өз атынан аудандағы этно-мәдени орталықтардың, түрлі қоғамдық ұйымдардың және аудан экономикасына үлес қосып жүрген түрлі компаниялардың өкілдерін Алғыс хатпен марапаттап, атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мерекелік басқосуда аудан өнерпаздары ел бірлігін дәріптейтін әсем әндерін шырқап, өнерлерін жұртқа тарту етіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях