Қарасай жерінде бокстан өткен халықаралық турнир өз мәресіне жетті

Қарасай жерінде бокстан өткен халықаралық турнир өз мәресіне жетті

«Бокс есірткіге қарсы» деген ұранмен таяуда Береке ауылында жасөспірімдер арасында халықаралық ашық турнир өтті, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

«Береке» бокс клубы ұйымдастырған жарыста Қазастанның түкпір-түкпірінен жиналған спортшыларымызбен қатар Өзбекстан, Тәжікстан секілді елдерден келген жас боксшылар да өнер көрсетті. Саламатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болуды насихаттауға бағытталған турнирге құрметті қонақтар ретінде Қазақстандық әуесқой боксшы, 2000 жылы Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ермахан Ибраимов, «Ақжол» Демократиялық партиясының Алматы облыстық филиалының төрайымы Мейраш Шынасилова қатысып, жас дарындыларға сәттілік тіледі.
Жалпы үш күнге созылған жарыс барысында жас былғары қолғап шеберлері өздерінің күшін, төзімділігін және жеңімпаздарға тән нағыз жауынгерлік рухтарын көрсетуге бар күштерін салды. Рингте әрқайсысы өзінің елінің және облысының намысын қорғап, қарсыластарынан басым түсуге тырысты. Әр жекпе-жек тартысты әрі қызықты өтіп, бәсекелестік рухы қарсыластарға деген құрметпен ұштаса түсті.
Десе де кез келген жарыста жеңіс пен жеңіліс бар, демекші байрақты бәсеке қорытындысы бойынша командалық ойында ерекше көзге түсіп, жақсы нәтижелер көрсете білген «Береке» бокс клубының спортшылары жеңімпаз атанған. Ал ақтық сынға дейін қарсыластарына дес бермеген Тәжікстан спортшылары екінші орынға табан тіреді. Жүлделі үшінші орынға Өзбекстанның жас боксшылары шығып, туған елінің мерейін асқақтатты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях