Қарасай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы тағайындалды

Қарасай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы тағайындалды

ҚР Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес және Қарасай ауданы әкімі аппаратының конкурстық комиссиясының 2022 жылдың 15 ақпан айындағы қорытынды отырысының №1 хаттамасы негізінде Сағындыков Бағдәулет Бақытұлы Қарасай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Сағындықов Бағдәулет Бақытұлы Алматы облысы, Қарасай ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Машина жасау» мамандығы бойынша білім алып, осы оқу ордасын аяқтаған. Кейін Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында «Құқықтану» мамандығында оқып, оны 2020 жылы бітірген. Еңбек жолын 2014 жылы «Қарасай Проект» ЖШС директорының орынбасары ретінде бастаған. 2015-2019 жылдары «Қарасай құрылыс сәулет» ЖШС-нің жерге орналастырушы технигі болып жұмыс істеді. 2019 жылдың мамыр айынан 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қарасай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, 2022 жылдың 1 қаңтар айынан осы уақытқа дейін Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях