Қарасай ауданының әкімдігінде кезекті кадрлық ауыс-түйіс. Аудан әкімінің өкімімен мемлекеттік қызметші ретінде құрылыс саласында тәжірибесі мол Жарас Қатубаев Қарасай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Жарас Қанатұлы – Қарасай ауданы, Шамалған ауылының тумасы. 1987 жылы дүниеге келген. 2009 жылы Алматыдағы Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясының «құрылыс» мамандығын бітіріп, сол жылы «Антарес терра» құрылыс учаскесінің шебері ретінде еңбек жолын бастаған.
2011-2017 жылдары Қарасай аудандық құрылыс бөлімінде бас маман, сондай-ақ аталған бөлімнің басшысы болып жұмыс істеді. Ал 2017-2021 жылдары Қарасай ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті.