Қарасай ауданында жылқы малына ғана чиптеу жүргізілуде

Қарасай ауданында жылқы малына ғана чиптеу жүргізілуде

Қарасай ауданында үй жануарларының ішінде тек жылқыға ғана чиптеу әдісі жүргізілуде, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Микрочиптердi енгiзу технологиясы қазiргi таңда бүкiл әлем бойынша жануарларды сәйкестендiрудiң ең тиiмдi әдiсi деп танылуда. Чиппен белгілеуді әртүрлі жастағы ұрғашы, еркек малға, жаңа туған төлге, ересек малға, дене массасына, жыл мезгіліне қарамастан, кез келген уақытта барлық малға қолдануға болады. Бұл тәсіл өте қарапайым түрде және ауырсынуды білдіртпей жасалынады. Анестезияны қажет етпейді, күрделілігі жануарларға екпе салғанмен бірдей.

Чиптеу бағдарламасы биыл да еліміздің барлық өңірінде жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Алайда статистика бойынша әр аймақтағы жануарлар санына сәйкес чип саны берілетінін айта кеткен жөн. Қарасай ауданында көбінесе жылқыларды чиптеу басты назарға алынған. Мәселен, өткен жылы дәл осы жануар үшін 1000 чип жарамды болды. Оның 980-і ауылдық округтерге таратылды және барлығы чиптелді.

Қарасай аудандық ветеринариялық станцияның мәліметіне сүйенсек, 2022 жылы тек жылқы малы үшін 3000 чипқа сұраныс берілген. Егер тұрғындарға осы жануарларды бірдейлендіру мақсатында чиптер қажет болса, Қарасай ауданының ауылдық округтерінің ветеринариялық пункт меңгерушілеріне хабарласып, өтініш білдіре алады. Басқа да сұрақтар туындап, қажетті ақпарат алу керек болса дүйсенбі мен сенбі аралығында күндері аудандық ветеринариялық станицияның 8-(727)-300-14-10 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях