Биылғы Қарасай ауданындағы көктeмгі егістік жұмыстaры белсенді жүргізілуде. Бұл жұмыстар үшін бүгінде 484 тонна дизель жанармайға өтінім берілген, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін шаруаларға 408 тонна жеңілдікті дизель отының алу жоспарланған. Осы жұмыстарға арнайы 484 тоннаға өтінім берілген. «Петрофон» ЖШС оператор болып анықталды. Бүгінде энергетика министрлігі бекіткен жанармайдың құны 1 литр үшін 250 теңгені құрады.
– «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ «Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» №137 бұйрығына сәйкес, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отыны көлеміне өтінім беру «Gosagro» порталы арқылы қабылданады», – делінген Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінде.
Дизель отынының көлемін есептеу бір гектар жерге арналған дизель отыны шығысының нормативін ескере отырып, автоматты түрде жүргізіледі.
Айта кетейік, бүгіндегі жүйе арқасында танаптың бір кадастрлық нөмірі бойынша қайта өтінім жіберуге жол берілмейді.