Қарасай ауданында «KitapTime» жалпыұлттық кітап фестивалі өтіп жатыр

Қарасай ауданында «KitapTime» жалпыұлттық кітап фестивалі өтіп жатыр

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «KitapTime» жалпыұлттық кітап фестивалі биыл да өз жалғасын тапты! Бұл айтулы шара қоғамда кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттап, оқырман мен кітап арасындағы байланысты мүлде жаңа, заманауи форматта дамытуды мақсат етеді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Айтулы мерекеге орай бүгін еліміздің барлық кітапханаларында сағат 11:00-де түрлі деңгейдегі шаралар бастау алды. Осы орайда Қарасай ауданының орталық кітапханасында «Кітап – зерделі ұрпақтың темірқазығы» атты мерекелік іс-шара өтуде. Фестиваль бағдарламасы аясында келушілер үшін қазақ әдебиетінің бәйтеректері мен танымал жазушыларының сирек әрі құнды шығармалары қойылған арнайы көрме ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек шара барысында арнайы шақырылған зиялы қауым өкілдері, жазушылар мен сарапшылардың қатысуымен мазмұнды семинар-жиындар мен ашық сұхбаттар өтуде.

Айта кетейік, мұндай шаралар ауданның барлық кітапханаларында ұйымдастырылуда.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях

Сайт использует файлы cookie. Оставаясь на сайте, вы подтверждаете своё согласие с политикой использования файлов cookie и сервиса Яндекс.Метрика.