«КЗТА» ЖШС – 2010 жылдан бері Қазақстанның құрылыс нарығында табысты жұмыс істеп келе жатқан жоба. Аталмыш компания – елімізде ілмекті арматура өндіріп, ірі энергетикалық нысандарып қамтамасыз етіп келе жатқан жетекші кәсіпорынның бірі. Жоба аясында бүгін ілмекті арматура өндіретін зауыттың іргетасы қаланды. Шараға Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов арнайы қатысып, кәсіпорынның ұжымына сәттілік тіледі. «КЗТА» ЖШС-нің негізін қалаушы Ринат Гусеиновтің айтуынша, бұл уақыт капсуласы – Алматы облысында ілмекті арматура шығаратын бірінші зауытты құрудың бастауы. Жобаның жалпы құны – 2 580 000 теңге. Өндіріс орны 2,5 га аумақты алып жатса, цехтың жалпы көлемі 3500 шаршы метрді қамтиды. Алдағы уақытта зауытта 200 адам жұмыспен қамтылмақ. Қазірдің өзінде өнімін сыртқа сату үшін Германия, Италия, Ресей және Қытай сияқты дамыған мемлекеттермен келісімшарттар жасалған. Ал зауытты толықтай іске қосу 2024 жылға жоспарланған.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать