Қарасай аудандық жұмыспен қамту орталығы үздік деп танылды

0
1105

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні облыстық деңгейде атап өтілді. Салтанатты шарада Қарасай ауданының мерейі үстем болды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Еліміздегі кәсіби мерекелердің қатарынан табылатын әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтілуде. Бұл айтулы күн 2011 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен арнайы бекітілген болатын.

Дәл осы саланың серік еткен қызметкерлердің құрметіне орай бүгін Қонаев қаласында Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті. Оған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысып, әлеуметтік салада жұмыс істейтіндердің еңбектерін жоғары бағалап, барлығын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Мерекелік басқосуға Әлеуметтік сала ардагерлері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудандық, қалалық жұмыспен қамту органдарының, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері және өкілдер қатысты.

Салтанатты шара барысында өңір басшысы Марат Елеусізұлы 15 әлеуметтік қызметкерге еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Алғыс хаттарын, «еңбек ардагері» медальдарын, «әлеуметтік-еңбек саласындағы үздік» төсбелгілерін және өз атынан Алғыс хаттарды табыс етті.

Облыс басшысының құрметіне ие болып, абыройы артқан аудандардың қатарында Қарасай да болды. Атап айтқанда, Қарасай аудандық жұмыспен қамту орталығы үздік деп танылып ақшалай сертификатқа ие болды. Бұл марапатты облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аталмыш мекеменің басшысы Эльмира Тасыроваға арнайы тапсырды.

Сонымен қатар бұл мерекелік жиында Қарасай аудандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері Гаухар Ауғамбаева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Құрмет грамотасына ие болды. Оны да облыс басшысы өзі табыстап, ыстық ықыласын білдірді.

Салтанатты шара мәдениет үйінің қамқоршылары мен әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарламамен аяқталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь