Қарасай аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы сайланды

Қарасай аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы сайланды

Қарасай аудандық Қоғамдық кеңестің құрамы өзгеріп, оның жаңа төрағасы сайланды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жақында Қарасай аудандық Қоғамдық кеңесінің жаңартылған алғашқы отырысы болып, күн тәртібі бойынша алғашқы болып осы кеңестің төрағасын сайлау мәселесі қаралды.

Жиын барысында алдымен Қарасай аудандық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Айнабеков сөз сөйлеп, Президенттің соңғы Жолдауында айтылған бірқатар міндеттерді айтып, оның Қоғамдық кеңестің жұмысын жандандыруға қатысы бар екенін түсіндірді.

Сонымен кеңестің отырыста бірінші мәселе тақыланып, Қарасай аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы болып «Жетісу» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы, талай жыл мемлекеттік қызметте істеген, ауданға танымал азамат Жанат Исағұлов сайланды.

Отырыста кеңес мүшелері Қоғамдық кеңестің бұрынғы төрағасы, қазіргі уақытта оның мүшесі болып саналатын Сағат Мәсімақыновтың осы уақытқа дейін атқарған қызметіне алғыстарын білдірді.

Қоғамдық кеңес алдағы уақытта аудандағы әлеуметтік мәселелер бойынша азаматтық қоғамның ой-пікірін алға тартып, оларды шешуге ықпал ететін болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях