Қарасай аудандық ұйымдастыру бөлімінде – жаңа басшы

Қарасай аудандық ұйымдастыру бөлімінде – жаңа басшы

Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөліміне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бабы, 1-тармағына және Қарасай ауданы әкімі аппаратының конкурстық комиссиясының 2022 жылдың 6 сәуір айындағы қорытынды отырысының №1 хаттамасы негізінде Джолдаспеков Нұрсұлтан Бейбитұлы           Қарасай ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып  тағайындалды.

Нұрсұлтан Джолдаспеков Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жандосов ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2015 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынас академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын             2016 жылдың 1 қарашасында Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының спорт жөніндегі әдіскер нұсқаушысы ретінде бастап, 2018 жылдың 30 шілдесінен  2020 жылдың 10 желтоқсанына дейін Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2020 жылдың                              14 желтоқсанынан осы уақытқа дейін Қарасай ауданы әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях