Қапаста отырғандармен фотоға түскен полицейлер жұмыстан қуылды

Қапаста отырғандармен фотоға түскен полицейлер жұмыстан қуылды

Қарағанды облысындағы Балқаш қаласында істі болып жатқандармен бір дастарханда отырған полицейлер қызметінен кетті. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тағы бірнеше қызметкер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Күдіктілермен аста-төк дастарханда отырған полицейлердің видеосы ғаламторда қызу талқыланған болатын, деп хабарлайды Naqty.kz  со ссылкой на Экспресс К.

Қарағанды Облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғаламтордағы атышулы фото қаңтар айының ортасында Балқаштағы уақытша ұстау қапасында түсіріліпті. Тексеру барысында күдіктілермен бір дастарханда отырған 3 полиция қызметкері жұмысынан қуылған. Тағы бірнеше полицей тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты.

«Осы жылдың қаңтар айының ортасында Қарағанды облысы ішкі істер органдарының арнайы мекемелеріне тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында облыстық Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Балқаш қалалық полиция бөлімінде күдіктілерді ұстау режимін бұзу дерегін анықтады. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, қорытындысы бойынша өрескел ереже бұзғаны үшін үш қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылды. Балқаш қалалық полиция бөлімінің басшылығы мен бірқатар қызметкерлер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — дейді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметіндегілер.

Осыған дейін желі де сотталушылармен бірге аста-төк дастархан басында отырған полицейлер туралы жазылған болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях