Ескелді аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Өз халқының нағыз патриоты» атты Ғали Ормановтың туғанына 115 жыл толуына орай арнайы танымдық сағат ұйымдастырылды.
Қоңыр ауылында дүниеге келген Ғали Орманов ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі болды. Елін, жерін қорғауда ақын айрықша ерлік көрсеткені өз алдына, өлеңдері сілтеген семсердей нысанасына дөп тиіп отырды. Ақын халықтың рухын көтеретін, патриоттық сезімін оятатын жалынды жырлар жазды. Отанның адам өмірі үшін қаншалықты қымбат екенін тереңнен тебірене жырлады. Ол қырғыз эпосы «Манастың» бірінші кітабын, сондай-ақ, Пушкиннің, Лермонтовтың, Ян Райнистің, Ф.Мақтымқұлының, А.Тоқомбаевтың және Толстойдың «Анна Каренина», Бубенцовтың «Ақ қайың» романдарын қазақ тіліне аударды. Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ленин ордендерімен қатар бірнеше медалдармен марапатталған. Ақынның өмірі мен шығармашылығы келешек үшін үлгі, оны жаңғырту мақсатында түрлі іс-шаралар жүргізіліп жатыр.