«AMANAT» партиясының аудандық филиалының кезектен тыс XXXVII конференциясы

«AMANAT» партиясының аудандық филиалының кезектен тыс XXXVII конференциясы

Бүгін ауданымыздың орталық кітапханасында «AMANAT» партиясының аудандық филиалының кезектен тыс XXXVII конференциясы өтті, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Партияның Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев пен арнайы сайланған 55 делегат қатысқан жиын барысында аудандық партия филиалының атқарған жұмысы, депутаттық фракциясының жұмысы, партияның аудандық филиалының жаңа төрағасын сайлау сияқты үш мәселе қаралды.

Конференцияның күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселесі бойынша «AMANAT» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қаныбек Айтжанов баяндап, бір жылдың ішінде филиалдың және депутаттардың атқарған жұмысы, сондай-ақ алдағы бірқатар жоспарлар жайлы толыққанды ақпарат беріп өтті.

Мұнан кейін партияның аудандық филиалының жаңа төрағасы ретінде Қаныбек Құлжабайұлының кандидатурасы ұсынылып, жиынға қатысушылар тарапынан бірауыздан мақұлданды.

Отырыс соңында партияның Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев сөз сөйлеп, алдымен жаңа төрағаны құттықтады. Жаңа жылда өзгерістер керектігін тілге тиек етіп, партия мүшелері, әсіресе жастар қоғамда болып жатқан өзгерістерге бет бұрып, атқарып жатқан жұмыстарына тиянақтылықпен қарау керектігін айтып өтті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях