Ғалымдар ғибратты ой тастап, тәуелсіздікті ұлықтады

Ғалымдар ғибратты ой тастап, тәуелсіздікті ұлықтады

Азаттығымызды айқындайтын Тәуелсіздіктің 30 жылдығын ұлықтау мақсатында жыл басынан бері талай игі істер қолға алынып, жүзеге асырылып келеді. Ол жағынан Қарасай ауданы да шет қалған емес. Осындай мән-мағынаға толы, өткен күннен сыр шертетін іс-шаралардың бірі бүгін «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында ұйымдастырылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты халықаралық онлайн-конференцияның өтуіне Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық жастар ресурстық орталығы ықпал етіп, санитарлық талапқа сай бірқатар тарихшылардың басын қосты. Басты мақсат – Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы аясында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын дәріптей келе, ондағы негізгі бағыттарды ғалымдардың пікірі арқылы талқылап, жастар арасында кеңінен насихаттау.

Бұл жиынға Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова мен басқа да қоғам белсенділері, жетісулық жастар, сонымен қатар, онлайн форматта «ZOOM» платформасы арқылы шетелдік ғалымдар да қатысты.

Конференцияны Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Елдар Сапаров ашып, тақырып аясында өзінің алғысөзін айтып, жиынға арнайы келген және қашықтан қатысып отырған бірқатар тарихшы ғалымдарға сөз берді.

Қазақстанның сыртқы саясатының жұмысын жоғары бағалап, елдің тарихын Түркия елінің ғалымы, PhD доктор, Нигде Өмер Халисдемир Университеті Еуразия зерттеулері кафедрасының меңгерушісі Тургай Дүген кеңінен түсіндірді. Бауырлас азамат өз сөзінде еліміз талай дағдарыстан қалай өткенін де айтып, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың қуатты Қазақстан қалыптастыру жолындағы ерен еңбектеріне баға берді. Түркиялық ғалымның айтқанын модератор Елдар Сапарұлы да қолдап, ел Тәуелсіздігін алғаш мойындаған Түркиямен халықаралық ынтымақтастық одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. Мемлекет арасындағы достықтың беріктігін тілге тиек еткендердің қатарында қырғызстандық тарих ғылымдарының докторы Назира Құрбанова да болды. Көршілес елдің өкілі қазақ пен қырғыздың бауырластығы жайлы өз ойын айта келе, 30 жыл ішінде Қазақстанның жеткен жетістігіне кеңінен тоқталды.

Бұл жиынға Елбасының сыныптасы Күләш Амирова да арнайы шақырылған еді. Апамыз Нұрсұлтан Әбішұлының бала кездегі ерекше қабілетін сөзіне дәйек етіп, оның мектеп қабырғасында да көшбасшылық қасиеті жоғары болғандығын айтты. Күләш Сабанқұлқызы Тұңғыш Президенттің жемісті жолын жалғастыру жастардың қолында екеніне тоқталды.

Конференцияға арнайы келген және онлайн форматта пікірлерін білдірген қазақстандық ғалымдар да егемен елдің өткені мен сан жылдар бойы атқарылған жұмыстарын кеңінен айтып, тарих арқылы ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – басты міндет екенін жеткізді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях