Бүгінде Алтын Орда базары арқылы өтетін Алматы-Бішкек республикалық күре жолының кеңейту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Темір тұлпарды тізгіндеген жандар үшін тас жолдың тегіс, сапалы, әрі шұңқырсыз болуы өте маңызды. Жалпы, осы құрылыс маңындағы жүргізушілерге арналған уақытша жол әлеуметтік желілерде қатаң сыңға алынып, тұрғындардың наразылығын тудырған болатын. Алайда, тас жолдың жөндеу жұмыстары бірнеше күннен бері қолға алынып, жақсы нәтиже көрсетуде. Ол жайында «Дәулет Дорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Серік Көпжасар былай дейді.
Мекеме басшылығының сөзіне сүйенетін болсақ, алдағы уақытта да осындай жолдың тегістелу жұмыстары қарқынды түрде өз жалғасын таба бермек.
Сюжетті дайындаған Бақдаулет Талипов және Дидар Мухамадиев.