Алматылық 52 жастағы әйел егіз босанды

Алматылық 52 жастағы әйел егіз босанды

Алматы қаласында жақында ЭКО арқылы бала көтерген әйел егіз ұлдарды дүниеге әкелді,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап.

Алматыдағы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері 52 жастағы жүкті әйелді босандырып, егіз баланы аман алып қалған.

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына жүктіліктің 31 аптасында басы айналып, іші ауырып, қан қысымы жоғарылап ауруханаға түскен. Дәрігерлер жүкті әйелге – ауыр преэклампсия, жатыр тыртығы диагнозын қойды. Науқаста 2007 жылы да ауыр преэклампсия болған екен.

Шала туған ұлдар 1644 және 990 грамм салмақта өмірге келген. 10 күн бойы балалары мен анасы жансақтау бөлімінде болған. Бірақ, қазіргі уақытта олардың жағдайлары жақсы. Салмақтар қалыпқа келіп, өмірлеріне еш қауіп туып тұрған жоқ.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях