Алматыдан Гоаға әуе рейстері ашылады

Алматыдан Гоаға әуе рейстері ашылады

9 желтоқсанда Алматыдан Гоа штатына (Үндістан) тікелей рейстер ашылады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тасымалдаушының мәліметінше, рейстерді еншілес компания – «Sunday Airlines» орындайды. Рейс әр бейсенбі сайын жүзеге асырылады. Билеттерді бөлек сатып алу жұмыс істемейді, тек туристік агенттіктерден пакеттің бөлігі ретінде сатып алуға болады.

«Міндетті түрде өзімен бірге шекараны кесіп өткен сәтте 72 сағаттан аспайтын ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болуы қажет», – деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ұшу қарсаңында саяхатшылар Аir Suvidha порталында тіркеліп, рейстен 72 сағат бұрын жасалған COVID-19 ПТР-тестінің теріс нәтижелерін жүктеуі керек.

Туристерге нәтижені сайтқа жүктеп қана қоймай, өзімен бірге алғаны дұрыс. Қазақстандықтардан келгеннен кейін қосымша талдау тапсыру да, карантин де талап етілмейді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях