Алматы әкімдігі мәслихатпен бірлесе отырып, Түрксіб ауданының «Жас қанат» ықшам ауданындағы саябаққа атау беру туралы қаулы мен шешім жобасын әзірледі. Жаңа өзгерістер бойынша аталмыш шағын аудандағы атауы жоқ паркке «Желтоқсан-86» атауы берілетін болады, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ztb_kazakhstan әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап.
Ресми құжатта «Алматы қаласы Түрксіб ауданының «Жас қанат» шағын ауданындағы атауы жоқ паркке «Желтоқсан-86» атауы берілсін», – делінген.
Түрксіб ауданының әкіміне, Алматы қаласының Стратегия және бюджеттік басқармасы, Алматы қалалық мобильділігі басқармасы, Алматы қала жоспары және урбанистика басқармасы, Алматы қаласының жасыл экономика басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне бірлескен қарарды жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қабылдау туралы тапсырма берілді.