Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы қоғамдық көліктердің халыққа сапалы қызмет көрсетіп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық мобилділік және білім басқармасына бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында бүгін әкімдікте басқарма басшыларымен осы мәселе талқыға салынып, онда жылжымалы автобус паркін жаңарту, жолайрықтар салу сияқты жұмыстардың жүргізіліп жатқанымен шешімін күткен мәселелер әлі де бар екенін мәлімдеген болатын. Осы ретте қала әкімі мобилділік және білім басқармаларына бірқатар тапсырмалар берді.
– Біріншіден, автобус парктері үшін білікті кадрлар — жүргізушілер, яғни темір ұсталар мен механиктер және тағы да басқа сервисті мамандар жетіспейді. Оларды даярлаудың жүйесі жоқ. Қалалық мобилділік және білім басқармаларының басшыларына білікті кадрлар дайындаудың нақтылы шараларын жасауды тапсырдым. Бұл жұмысты кадрлар қажеттілігіне болжам жасап уақтылы әрі колледждердің оқу жоспарына сай жүргізген жөн. Апта ішінде қалаық мобилдік басқарма басшысы Телібаев бұл процессті ұйымдастырудың нақтылы механизмін ұсынуы тиіс – деді Бақытжан Сағынтаев.
Сондай-ақ, қала әкімі троллейбус желісінің маңызында атап өтіп, оны жаңартуды тапсырғанын айта келе, сыртқы тасымал мәселесін де қозғады.
Нақты айтар болсақ, күн сайын 61 бағыт бойынша 600 автобус қатынайтының түсіндіріп, автобустардың басым бөлігі тозғанын жеткізді. Шаһар басшысы бұл мәселені де ретке келтіру мақсатында ескі көлікті ауыстырып, жолаушыларға билет беру жүйесін ашық ету қажеттігіне тоқталды. Қалалық мобилділік басқармасына (Телібаевқа) қалда моделін унификациялау шараларын қарастыруды тапсырдым – деп жазды қала басшысы өз парақшасында.
Аталмыш шаралардың жүргізілу мақсаты – адамдарға сапалы көлік қызметін көрсету және жолаушы тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.