Төтенше жағдай режимі кезінде азаматтарды блокпостан өткізген Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды ka-rasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, осы жылдың 14 мамырында Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты Жетісу ауданы әкімі аппаратының бас мамандары К.Е. Әденов пен С.С.Оразовқа қатысты айыптау үкімін шығарған. К.Е. Әденов пен С.С. Ора-зов бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оларға тиісінше 4 077 500 теңге және 13 300 000 теңге айыппұл салынып отыр.
– Сот оларға өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға тыйым салды. Сонымен қатар, осы үкіммен азамат В.И. Уджур пара алу кезінде делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 430 000 теңге көлемін-де айыппұл салынды, – деп хабарлайды агенттіктен.
Аталған лауазымды адамдардың Жетісу ауданындағы блокпосттан кедергісіз өту үшін Алматы қаласының тұрғындарынан делдал арқылы бір-неше рет пара алғанын бұған дейін хабарланған болатын.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать