Алматыда крематорийдің құрылысы аяқталды

Алматыда крематорийдің құрылысы аяқталды

Алматыда крематорийдің құрылысы аяқталды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім еткен, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Крематорийдің құрылыс жұмыстары 2021 жылдың желтоқсанында аяқталды. Бүгінгі таңда сыртқы инженерлік желілерді, оның ішінде орнатылған пештерді пайдалану үшін газбен жабдықтау желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Крематорийді 2022 жылдың мамырында қосу жоспарда», – делінген қала әкімдігінің ресми жауабында.

Келісімшартқа сәйкес, крематорий Алматы қаласы, Алатау ауданы Ақын Сара көшесінің солтүстік бөлігінде, ЖЭО-2 шығысына қарай орналасқан патологоанатомиялық бюро жанынан (сыртқы инженерлік желілерсіз) салынды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда крематорийдің жұмыс істеу қағидалары, сондай-ақ мәйтті кремацияға қабылдау ережелері әзірленуде.

Айта кетейік, 2020 жылдың жазында крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын жасауға тендер жарияланған болатын. Тапсырыс беруші – Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы. Құрылыс құны – 1,3 млрд теңге.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях