Алматыда INFOMATRIX -ASIA алтыншыхалықаралық компьтерлік жобалар байқауы өтеді

0
3010

Сәуірдің 13-15 аралығында СДУ кампусында өтетін халықаралық INFOMATRIX –ASIA жобасында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 400-ден аса жас өнертапқыштар ақпараттық технологиялар саласында өз өнерлерін көрсетеді.  Байқау аясында жоғарғы сынып оқушылары робототехника, бағдарламалау, компьютерлік графика және өнер,  басқару жүйесі (hardware), қысқаметражды фильм, дрондар жарысы (drone racing) және математикалық жобалар сынды жеті номинация бойынша бақ сынайды.  Жобаның Қазақстандағы ресми ұйымдастырушысы ҚР БҒМ қолдау көрсетуімен Сулейман Демирел университеті және «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы болып табылады.

Байқаудың мақсаты – ақпараттық технологиялар саласындағы шеберлікті шыңдау, түрлі мемлекеттен жоғары сынып оқушылары мен оқытушыларын біріктіріп, ұлтаралық қатынастарды нығайту, сонымен қоса мемлекет мәртебесін әлемдік ақпараттық кеңістікте асқақтатуға бағытталған. Іс-шара аясында робототехника көрмесі мен роботтар сайысы, әр мемлекеттен келген қатысушылар арасында континентаралық футбол турнирі, сонымен қатар мәдени ойын-сауық шаралары өткізілмек. Байқау қорытындысы бойынша жеті номинанациядан топ жарған  бас жүлде иегерлеріне 100 % білім гранттары тағайындалады. Қалған жеңімпаздар оқуорнының 50 % жеңілдігіне ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жоба ұйымдастырушылары INFOMATRIX-ASIA жылдан жылға талантты жастардың жоғары сұранысына сай  бірегей алаңға айналып, Елбасының«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асуына  зор үлесін қосар қомақты жоба деген пікірде.

Іс-шараға қызығушылық танытқан барлық көрермен 13-сәуірде өтетін ашылу салтанатына  шақырылады, қатысу тегін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь