Алматыда блок бекеттер әлі тұр

Алматыда блок бекеттер әлі тұр

Алматыда төтенше жағдай режимі алынып тасталса да, қалаға кіреберісте орнатылған блок бекеттер жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Naqty.kz.

Алматы қаласында террористік қауіптің «қызыл» деңгейі әлі де сақталғандықтан блок бекеттер әлі алынған жоқ.

Алматы қаласының периметрі бойынша ашылған бес стационарлық блок бекет 8 қаңтардан бастап жұмыс істейді. Оларға полиция қызметкерлерімен бірге Қарулы күштердің 170-тен астам әскери қызметшісі кезекшілік етеді, сондай-ақ жауынгерлік техника орнатылды. Олар автомобильдерді іріктеп тексереді.

Блок бекеттер «Гүлдала» кентінде, Думан шағын ауданында, Жандосов және Карьерная көшелерінің қиылысында, Қапшағай трассасында және Райымбек даңғылында «Алтын орда» базары ауданында орнатылған.

Ведомствода құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың талаптары мен өтінішін орындауды сұрады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях