Алматы қаласына қою тұман түсіп, соның салдарынан әуе рейстері кейінге шегерілуде, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Әуежайдың онлайн рейстер кестесіне сәйкес, бүгін 12 рейс кешігіп жатыр. Оның ішінде Нұр-Сұлтаннан бес ұшақ кешігіп жатыр. Бұл бағыттағы рейсті қазақстандық төрт әуекомпаниясы орындайды: «Air Astana», «Fly Arystan», «Qazaq Air» және «SCAT».
Сондай-ақ, Шымкент, Атырау, Жезқазған, Өскемен және Пхукет рейстері де кешігіп жатыр. Бес ұшақ Алматыдан Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбе және Жезқазған бағытына ұшуы керек болған.