Алматы облысының жаңа әкімі сайланды

Алматы облысының жаңа әкімі сайланды

Алматы облысының жаңа әкімі болып осы уақытқа дейін ҚР қаржы вице-министрі болған Марат Сұлтанғазиев сайланды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Бүгін ҚР Премьер-министрі Алихан Смайылов Қонаев қаласына арнайы келіп, Алматы облысының әкімі лауазымына үміткерлерді таныстырды. Олардың қатарында ҚР Қаржы Вице-министрі Марат Сұлтанғазиев пен аталмыш облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов болды. Оларға мәслихат депутаттары дауыс берді. Нәтижесінде Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев көптің қолдауына ие болып Алматы облысының жаңа әкімі болып сайланды.

Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. «Экономист-қаржыгер», «заңгер», «іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандықтарының иесі.

Еңбек жолын 1997 жылы Салық бөлімінің заңды тұлғаларды тексеру бөлімінің бірінші санатты маманы болып бастаған.

1998-2001 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас маман – бас салық инспекторының м. а. болып жұмыс істеген.

2001-2010 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде жұмысын жалғастырған, Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

2010-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде басшылық қызметтерді атқарған.

2012-2014 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі.

2014-2017 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2017 жылғы маусымнан 2018 жылғы қазанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік–экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылғы қазаннан бастап қазірге дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях