Алматы облысының түрмелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қарқыны артып келеді

Алматы облысының түрмелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қарқыны артып келеді

Ағымдағы жылдың ақпан айында Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА 155/16 колонияларының бірінде колония қызметкері сотталушыға ұялы телефон сатып, ақшасын алмағаны жайлы факт анықталды.  Оқиға бойынша Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ҚР ҚПК 200-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыныс жолданған болатын, ұсыныста қамауда ұсталғандарды апта сайын медициналық қарауды және камерада бейнекамерамен жабдықтау туралы көрсетілген.
Департаменттің мәліметі бойынша, 2016 жылы сотталғандардың және олардың туыстарының Қылмыстық-атқару жүйесінің лауазымды тұлғаларынің заңсыз әрекеттері үшін 5 өтініш келіп түскен, ал 2017 жылы өтініштер саны 16 есе болса, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 17 өтінішке өскен.
Осы және өткен жылдардағы талдау барысында, Ұлттық бюросына және прокуратура органдарға қамауға алынған және сотталғандардың шағымдар көбейген. Оларға психологиялық және физикалық қысым көрсету фактілері бойынша арызданған.
Дегенмен, бұндай шағымдар біраз уақыт өткеннен кейін келіп түседі, ол уақытта алынған жарақаттардың жазылып кетуіне байланысты құжаттарды растау немесе бас тарту мүмкін емес.
«Бас бостандығынан айырылғандар шектеулі кеңістікте, яғни есік, терезесі торланған тар бөлмеде орналасқандықтан өз жағдайларын жақсарту үшін түрлі заңсыз әрекеттерге барады. Сотталғандар және олардың туыстары заң қағидаларын елемейді. Біз сіздермен бірге қылмыстық-атқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жоюға тиіспіз», — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысы Нұрғисаев Серікбай.
Жиында сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің  басшысы Данияр Тұрғанбаев жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстары жайлы түсіндіріп, мемлекеттік қызметшілер тарапынан олардың кез-келген алғышарттарын басу үшін шешуші шараларды қолдану керектігін айтты.
«Біз сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуымыз керек, сондықтан түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Өйткені, ешкім тар қапаста
отырғысы келмейді. Өкінішке орай, көптеген мысалдар бар. Үш мың теңгеге уәкілетті адамдар өздерінің жұмыс орындарынан, мүліктерінен айырылды, ал кейбіреулері өз бостандығынан айырылды. Ендеше, әрқайсымыз өзімізден бастайғанымыз жөн болар. Түрмелерде бейне камералардың санын көбейтуді, аптасына бір рет медициналық сараптама жүргізіліп тұруын тапсырдық», — деді ұлттық бюро бастығы.
Кездесу барысында Алматы және Алматы облыстарындағы Азаптауларға қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық алдын алу механизмінің (ҰПМ) басшысы Игорь Мирошниченко сөз сөйледі. Ол түрмелерде сотталғандарға қатысты зорлық-зомбылықты қолдануға болмайтындығын түсіндірді.
Қорытындылай келе, әділет полковнигі Бақытжан Садыбеков, Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы көтерілген барлық мәселелерді бақылауғаалуға уәде берді.
Айта кету керек, жыл сайын «Transparency International» халықаралық үкіметтік емес ұйымы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша елдердің рейтингін құрастырады. Индекс 0-ден (жемқорлықтың өте жоғары деңгейі) 100-ге дейін (жемқорлықтың өте төмен деңгейі) бағалау болып табылады. Осылайша, 2018 жылдың ақпан айында жарияланған Қазақстан 180 мемлекеттен 122-ші орынды иеленіп, 100-ден 31 ұпай жинап алды. Бір жыл бұрын Қазақстан 131-ші орында, 29 ұпай жинаған болатын.


Түрмеде істейтіндердің тілін тапсаңыз, ол жерде ұялы телефонды да пайдалануға болады. Дәл осындай жағдай Алматы облысыныдағы ЛА 155/16 түзеу мекемесінде болған. Бұл жерде істейтін бақылаушы сотталушыға ұялы телефон ұстауға рұқсат беріп, сол қамқорлығы үшін 100 мың теңге талап еткен. Ал ақшаны бермегені үшін түрменің қызметкері жазасын өтеушіні жұдырықтың астына алғанға ұқсайды. Қазір бұл іске сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның өзі араласып жатыр.
КТМ: Бұл кездесу бұрынғыдан өзгерек. Себебі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті облыстағы барлық түрменің басшысынан бастап, түрмеде істейтін лауазымды тұлғаларды жинап, алғаш рет жиын өткізіп отыр. Өткені  ұлттық бюроның өзіне қысым көрдік деп шағымданатын сотталушылардан арыз түсуі жиілепті. Мәселен өткен жылы 16 шағым түссе, биыл жарты жыл болмай жатып 17  адам аталған департаментке арызданған.
ДАНИЯР ТҰРҒАНБАЕВ — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы
Тексеріп, зерттеп қараған кезде ол сотовый телефонның IMEI кодының действительно осы учреждениенің ішінен звоноктары түскен. Нақты айтқанда, прецедент бар, за что осужденный жарақат алған, сол сотовыйды пайдаланғаны үшін сол үшін ақша сұраған. Ұрған мәселесін доказать ете алмадық, екі ай өткеннен кейін.
КТМ: Енді Ұлттық бюроның Алматы облысы бойынша департаменті түрменің басшылығына сотталушылардың денесіне аптасына екі рет медициналық тексеру жүргізуді ұсынып отыр. Сондай-ақ түзету мекемелерінде бейнебақылау камераларының да санын арттыру керек деп санайды.
КТМ: БАҚЫТЖАН САДЫБЕКОВ —  Алматы облыстық  қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы
Сотталушының жататын жерінен бастап, медициналық бөлме, асхана сынды жерлерде бейнебақылау камераларды орнатып, санын көбейту мәселесі біздің жоспарымызда бар. Бөлінген қаражаттың есебінен камералар санын ақырындап көбейтіп жатырмыз. Жалпы Алматы облысында 5 түзеу мекемесі бар болса,  оның үшеу Заречный ауылында орналасқан. Әр қайсысында 600-ден 800-ге дейін сотталушы жазасын өтеуде.
КТМ: Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуді мақсат еткен жиын барысында түрмеде пара алып ұсталған қызметкерлер мен парақорлар жайлы арнайы фильм де көрсетілді. Ал ұйымдастырушылар тура жолдан таймаңдар деген сөздерін бірнеше рет қайталап, естіртіп және ескертіп айтып кетті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях