Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды  

0
1076

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің өкіміммен  Дастан Сұлтанмұратұлы Құдабаев Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Дастан Сұлтанмұратұлы 1971 жылы туған, білімі жоғары. 1993 жылы Алматы зооветеринарлық институтын «зооинженер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Шәлкөде шаруалар бірлестігінің ферма зоотехнигі болып бастаған.

Әр жылдары «Шынар» шаруа қожалығының төрағасы, Шәлкөде ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Қарасаз, Шәлкөде ауылдық округтерінің әкімі, Райымбек ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2018 жылдың мамыр айынан Кеген ауданы әкімінің орынбасары.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь