Алматы облысындағы жас ұшқыштар мектебі

Алматы облысындағы жас ұшқыштар мектебі

Ұшқыш болуды армандамайтын бала жоқ шығар. Ал шын мәнінде, жас ұрпақты ұшақ тізгіндеуді ерте бастан үйрету мен авиацияның қыр-сырына қанықтыру – үлкендердің міндеті. Осы істі талдықорғандық Сергей Чернышов деген азамат анық түсініп, оқушылар үшін арнайы үйірме бастапты. «Жас ұшқыш» мектебі есігін келушілер үшін айқара ашты, деп хабарлайды Naqty.kz  желілік басылымының тілшісі.

Әрі бұл үйірме жасөспірімдерге Балалар жылы аясында жасалған ерекше тарту болып отыр.

Осылайша, Алматы облысы Талдықорған қаласындағы Оқу­шылар сарайында «Жас ұшқыш» мек­тебі жұмысын бастады. Бұл қуа­ныш­ты жаңалық Балаларды қорғау күні мере­кесіне орайластырылды. Енді бұл қо­сым­ша білім беру ұйымында 160 бала авиа­ция саласының алғашқы әліппесі туралы дәріс алатын болады. Ал мектептің ашы­лу рәсіміне облыс әкімі Қанат Бо­зым­баев қатысып, оқушыларымен кездесті. Оқу­шылар сарайындағы арнайы жасақ­талған кабинеттің материалдық базасымен та­ныс­қан Қанат Бозымбаев балалар­ды ме­ре­­келерімен құттықтап, тілегін жет­кізді.

– Күні ертең біреуің ұшқыш, бірің стюардесса, енді бірің борт механигі бо­лып, болашақ өмірлеріңді авиациямен байланыстыруларың мүмкін. Бұл мек­теп сол арман-мақсаттарыңа жол көрсетеді. Болашақта облыс аумағында авиациялық колледж ашылады, елімізде азаматтық авиация академиясы, әскери училищелер бар. Осы мектептен қанат­танып шығып, білімдеріңді сол оқу орындарында жалғастыруларыңа болады. Осы мектепте жақсы оқып, дұрыс білім алып, Талдықорғанның атын шығарып, үлкен дәрежеге жетесіңдер деп сенемін, – деді Қ.Бозымбаев.

Айтпақшы, осы шағын іс-шараға Азаматтық авиация академиясының проректоры Алжапар Сәретбаев та арнайы келген екен. Ол кісі жеткіншек­терге Айдын Айымбетовтей азамат болуларына тілектестік білдірді. Жалпы, мұндай мектеп бұған дейін тек Ақтөбе класында ғана жұмыс істеп келген екен. Талдықорғандағы бұл үйірме – елімізде ашылып отырған екінші мектеп. Яғни балаларға кәсіби бағыт-бағдар беруде бұл үйірменің берері көп болмақ.

Қонақтармен әңгімелесу барысында балалар армандарын айтып, ой бөлісті. Мәселен, мектепке алғашқылардың бірі болып жазылған Динара Диханбекова «Мен кішкентай кезімнен стюардесса болғым келетін. «Жас ұшқыш» мектебі ашылғанда қатты қуандым. Ұшақта адамдарды күліп шығарып салып, күліп қарсы алғым келеді», – дейді. Мұндағы балалардың тағы бірі экологияға зиян­сыз жаңа ұшақ құрастыруды армандаса, енді бірі ұшақтың әрбір ұсақ тетік­терінің бәрін меңгергісі келеді.

Ал «Жас ұшқыш» үйірмесінің же­текшісі Сергей Чернышов қазірдің өзінде мектепке 5-10 сынып оқушылары арасынан 20 бала жазылып, 8 топ құрыл­ғанын айтады. Жалпы, 160 бала дәріс алмақшы. Оларға сабақ-тапсырмалар жас ерекшелік деңгейіне қарай беріледі екен.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях