Алматы облысындағы ең үздік ауыл әкімі анықталды

Алматы облысындағы ең үздік ауыл әкімі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының өңірлік деңгейде кезеңін өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Аталған байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, байқауға облысымыздың 12 ауылдық округ әкімі қатысып, оның 5-і әңгімелесуге қатысты.

Естеріңізге сала кетейік құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 25 маусымынан бастап 10 шілдесіне дейін жүзеге асырылды.

Қатысушылар іріктеудің келесі кезеңдерінен өтті: жобалық жұмысты қорғау, әкімнің қызметін халықтың бағалауы, өңірлік комиссияда әңгімелесу,  әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге бағалау.

Жеңімпазды анықтау үшін мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, тәуелсіз сарапшылары өкілдерден тұратын өңірлік комиссия құрылды. Өңірлік комиссия Алматы облысы Панфилов ауданы Айдарлы ауылдық округінің әкімі Айдар Мұратұлы Исаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, оны Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін республикалық іріктеуде облыс атынан қатысуға ұсыныс жасады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях