Қаскелен қаласының үкіметтік емес ұйымы болып саналатын «Azamatsha.kz» қоры Балалар жылына орай 170 баланы демеушілердің көмегімен циркке жіберетін болады, – деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымы.
Алғашқы 30 бала бүгін циркке көңіл көтеруге кетсе, қалған 140 бала алдағы аптаның дүйсенбі, сейсенбі күндері демалыс және жануарлар саябақтарына барады. Балалардың ас-суларынада демеушілер қолдау білдірді.Сонымен қатар «Amanat» партиясы Қарасай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қаныбек Айтжановтың қолдауымен балалардың барып келуіне тегін автобус берілді.
Естеріңізге сала кетейік, «Azamatsha.kz» қорына әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардан шыққан 200-ден астам адам тіркелген. Қор басшысы Мадина Саутбекованың айтуынша, алдағы уақытта демеушілердің қолдауымен басқада іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.