Алматы облысындағы аудан әкімдерінің жалақысы аталды

0
970

Алматы облысындағы аудан әкімдерінің жалақысы белгілі болды, — деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Көп ұзамай облыс екіге бөлінетіні белгілі. Әр облыста он аудан болады. Қазіргі уақытта оларды басқарып отырған әкімдердің жалақысын білеміз бе? Осы сұрақтың жауабын білу мақсатында Tengrinews сайты қазіргі Алматы облысы аудандарының әкімі қанша жалақы алатынын анықтады.

Алматы облысында ең жоғары жалақыны Талдықорған қаласының жаңа әкімі Әсет Масабаев алады. Оның жалақысы – 866 мың теңге.

Панфилов ауданының жаңа әкімі Марат Сағымбек айына 778 мың теңге алады. Ақсу ауданының әкімі Есім Базарханов та еңбекақысы осындай. Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділовтің де жалақысы осыған жақын, ай сайын 775 мың теңге алады.

Ең аз жалақыны Еңбекшіқазақ ауданының жаңадан келген әкімі алады. Оның айлық жалақысы – 703 мың теңге.

Ал аудан әкімдері арасындағы ең жоғары жалақы Талдықорған қаласының бұрынғы әкімі, қазіргі Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевта. Ол ай сайын 785 мың теңге алады екен.

Көксу ауданы әкімі қанша жалақы алатыны белгісіз. Сауалға ресми жауапта Алмас Әділдің толық жалақысы, яғни, айына — 952 мың теңге деп көрсетілген. Бірақ бұл сомадан зейнетақы мен медициналық аударымдар ұсталады. Нәтижесінде, өзге әріптестерінің деңгейінде жалақы алады.

Алматы облысының өзге аудан, қала әкімдері қандай жалақы алатыны салық төлеушілерге жұмбақ күйінде қалып отыр. Басқа әкімдер Tengrinews тілшісі сауалына жауап бермеген.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь