Алматы облысында департамент басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Алматы облысында департамент басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің жауапты қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қатысты ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен әшкереледі, — деп хабарлайды karasayinfo.kz жілілік басылымы, Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы департаменттің бастығы өзінің қарамағындағы қызметкері — бас маманның делдалдығы арқылы Талғар аудандық электр желісінің электр энергиясын тексеруден кейін оң нәтиже беруі үшін мекеме қызметкерінен пара алды деген күдікке ілінді.

Ведомство мәліметінше, бұл адамдар пара алу және беру, сонымен қатар, делдалдық деректері бойынша ұсталмады, себебі олар кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңды тергеу жалғасып жатыр.

ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпараттар берілмеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях