Алматы облысында базар сатушылары әкімдік алдына жиналды  

Алматы облысында базар сатушылары әкімдік алдына жиналды   

Алматы облысында бүгін, 7 тамызда аудан әкімдігі ғимаратының алдында сатушылар жиналды. Тұрғындар барлық базарға жұмыс істеуге рұқсат беруді талап етті,  деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео kris_p_talgar парақшасында пайда болды. Жазба авторы базар сатушылары Талғар ауданы әкімдігінің ғимаратына қайта жиналғанын хабарлады.

Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі бұл ақпаратты растады. Базар сатушылары бүгін, 7 тамызда әкімдік ғимаратына жиналған.

«Жиналған адамдарға аудан әкімінің орынбасары Дәркен Нұржанов және СЭС өкілдері (Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті — автор) шықты. Олар сатушыларға облыстың бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 6 тамыздағы соңғы қаулысына сәйкес барлық жабық азық-түлік базары мен азық-түлік емес базарлардың қызметі тоқтатылатынын түсіндірді. Онлайн жеткізуден басқа барлық азық-түлік емес дүкен жабылады», — деді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі.

Ведомстводағылар мұндай қатаң шаралар 17 тамызға дейін қолданылатынын атап өтті.

«Ешкімге рұқсат берілмейді. Мұның бәрі аудан тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалып отыр», — деп атап өтті әкімдік өкілі.

Алматы облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі де жеңілдіктер болмайтынын атап өтті. Алайда мерзімі нақтыланбады.

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях