Алматы облыстық цифрлық технологиялар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облыстық цифрлық технологиялар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Дәурен Айдарұлы Сихаев облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы болып тағайындалды,  деп хабарлайды, Naqty.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дәурен Айдарұлы Сихаев 1991 жылы туған. Жоғары білімді. Еуразия гуманитарлық институтын, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «шет тілдері», «ақпараттық жүйелер» және «юриспруденция» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Астана қаласының ХХІ ғасыр көшбасшысы» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары болып бастаған.

Кейін «Вектор» өндірістік компаниясы« ЖШС техник-программисі, «Қазақстан ғарыш сапары« ҰК» АҚ-ның автоматтандыру және диспетчерлендіру жөніндегі технигі, елордадағы «Азаматтарға арналған үкімет» МК«КЕАҚ кеңсесінің цифрландыру жөніндегі бас менеджері, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ұлттық ақпараттық технологиялар»  АҚ Жүйеаралық өзара байланыс басқармасының басшысы болды.

2021 жылдың қаңтарынан бүгінгі күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Электронды денсаулық сақтау республикалық орталығы« ШЖҚ РМК бас директорының кеңесшісі қызметін атқарды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях