Алматыға апаратын жол сегіз жолақты болады (Видео)

Алматыға апаратын жол сегіз жолақты болады (Видео)

«Алматы-Бішкек» тас жолының 19 шақырымындағы кептеліс талай темір тұлпарды тізгіндеушілерді әбігерге салғаны белгілі. Республикалық трассаға жауапты «QazAvtoJol» ҰК-ның Алмамты облыстық филиалы аталған мәселені назарға алып, қазіргі уақытта жолды кеңейтуге қатысты жұмыстарды қолға алуда. Осы мақсатта компания тарапынан республикалық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеуге қатысты жобалау-сметалық құжаттамасының техникалық шешімдері бойынша ашық түрде алдын ала қоғамдық тыңдаулар өткізді. Солардың бірі күні Қаскелең қаласында ұйымдастырылды. Айта кетейік, тұрғындардың пікірі ескерілетін мұндай жиындар Іргелі, Жалпақсай, Алмалыбақ, Әйтей, Долан, Құмтоған, Райымбек ауылдарында да өткен еді. Қаскелеңде өткен қоғамдық тыңдауға тас жолды қадағалаушы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Абзал Ақжолов, аталған филиалдың бөлім басшысы Жанат Өтепбергенов, күрделі жөндеудің бас жолаушысы – «Каздорпроект» ЖШС-нің өкілдері және бірнеше тұрғын қатысты. Жиын барысында алдымен «Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы ӨР шекарасы (Ташкентке)-Шымкент-Тараз-Алматы-Хоргос» А-2» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 19-27 шақырым телімін күрделі жөндеу» жобасы түсіндірілді. Өз кезегінде қала тұрғындары жоба жұмысына пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ «Naqty.kz» желілік басылымы арқылы тікелей эфир барысында оқырмандардың тарапынан сұрақтар қойылды. Мәселен, жолды кеңейту кезінде трассаның бойындағы ағаштардың кесілуіне тұрғындар алаңдаушылық білдірсе, енді бірі жолды кеңейту жұмысның аяқталу мерзімін сұрады. Аталған сауалдарға «QazAvtoJol» ҰК-ның өкілдері жан-жақты жауап берді. Айтуларынша, жол жиегіндегі ағаштар кесілгенімен, оның орнына басқасы егіледі. Бірақ бұл бастамалар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе шешіледі. Ал құрылыс жұмыстарының бітуі нақты белгісіз. Өйткені алдымен аталған жобаның жай-жапсары әлі пысықталып, бекітілуі тиіс. Ол үшін жоғарыда атап өткендей, қоғамдық тыңдаулар арқылы көпшіліктің пікірі ескеріледі. Алайда аталған жоба өте өзекті болғандықтан, осы жылдың күз айларында нақтыланады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях