Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде «Алматы-1» теміржол вокзалын аралап көрді, қаланың коммуналды меншігіне берілген соң мұнда биылғы жылы реконструкциялау басталады, – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы алматы қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.
Шаһар басшысы вокзалды модернизациялау барысында сапалы құрылыс материалдар пайдаланылып, заманауи архитектуралық шешімдер қабылдануы керек екенін нақты атады.
Жалпы, бұрындары «ҚТЖ» АҚ «Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдарын қала балансына беру ітуралы шешім қабылдаған еді. Соған байланысты Алматы әкімдігі объектілерге қажетті реконструкция жүргізіп, бұларды мегаполистің көлік инфрақұрылымының бір бөлігі ретінде одан әрі дамытатуды қолға алып отыр.
[su_custom_gallery source=»media: 7611,7610,7609,7608″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Ресми мәліметк есүйенсек, жергілікті қаржы есебінен 2018 жылы жоғарыд ааталған екі теміржол вокзалдарының айналасы жаңарып, ғимараттың алды қоғамдық көліктерге ыңғайлы болып қайта жасалды, жаяу жүргіншілер жүретін жерлер абаттандырылды, қауіпсіздік күшейтіліп, бейнекамералар орнатылды.
Вокзалды қайта жаңарту кезінде күн сайын 11-ден 16 мыңға дейін жолаушы өткізілсе, күту орындарының саны төрт есеге артылатын болады. Ал, адамдардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай қарастырылып, заманауи өткелдер салынады, бұрынғы жер асты жолы кеңейтіледі және эскалаторлар қойылады.
Тағы бір айта кетерлігі, биылғы жылы Алматыда жайлы қала кеңістігін дамыту жұмыстары жалғасады. Бүгінгі күнге дейін қаланың тарихи орталығының үштен екісі модернизацияланды, 524 көше,1400 ескі аула жөнделді. Көше жарығының үштен бірі диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылды, 300 км арық және 1000 км инженерлік желі қайта жасалды. Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары жаңғырды.
Желілік басымдағы суреттер ресми сайттан алынды