Алмалыбақ ауылында  Мәдениет үйі қашан салынады?  

0
956

Кезінде жарқырай орын алған Мәдениет үйінің жекеменшікке өтіп кеткені алмалыбақтарды қынжылтып келеді. Бүгін Ұмтыл ауылдық округіндегі аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың есептік жиынында бұл мәселе тағы да талқыға түсті, хабарлайды Naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Алмалыбақ ауылының тұрғындары мәдени орда салынса деген өтініштерін қаншама жылдан бері көтеріп келеді. Аудан басшысы бұл мәселенің назарда екенін айтып, ауылдастар ұсынған  жекеменшіктің иелігіндегі ғимараттың  сатып алу қажеттілігі жоқтығын жеткізді.  Себебі жаңа өнер ордасының іргетасын қалау әлде қайда тиімді болмақ. Бой көтеретін мәдени нысанды салу үшін Алмалыбақтағы орталық саябақтың аумағы таңдалған. Қазіргі уақытта облысқа жобалау-сметалық құжаттамасын дайындау үшін қаржы сұранысқа берілді. Аудан басшысы қажетті сомма бөлінген соң Мәдениет үйінің құрылысы басталатын кездің ауылы алыс еместігін айтты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь