Алишердің еміне бірге қол ұшын созайық  

Алишердің еміне бірге қол ұшын созайық   

Өткен аптаның сенбі күні Қаскелеңдегі орталық «Жер-Ана» базарының аумағында балалардың церебралды салдануы диагнозымен (ДЦП) сырқаттанған Алишер Абдрахмановтың еміне көмек көрсету арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

2010 жылы мамыр айында өмірге келген Алишердің денсаулығынан 40 күнге дейін де, құрсақ та жатқанында  ешқандай кінәрат байқалмаған.  Бірақ анасы Тудангүлдің айтуынша уақыт өте келе жылауы жиілеген соң медицина қызметкерлердің көмегіне жүгінгенде, баласының миында киста бар екенін айтады.  Сол уақыттан бері баласының сырқатымен танымсыз күресіп келе жатқан Тудангүл Максимова бірқатар медициналық орталықта ем қабылдауының арқасында Алишердің денсаулығы жақсарған. Дегенмен тік аяқтан жүруіне осы алдағы шілде-тамыз айларында Ресей мемлекетіндегі «Сакура» медициналық орталығындағы реабилитациялық емді қабылдаудың маңызы зор.  Бір ем қабылдау – 3 800 000 тенгені құрайды екен. Әрине, әкесіз өсіп келе жатқан Алишердің отбасына бұл сомманы жинау мүмкін емес. Қамыққан анасы жақын күндердің бірінде «Жер-Ана» базарының әкімшілігіне көмек сұрай барған. Мән-жайға қаныққан аталмыш мекеменің басшылығы Эльмира Мурсалимова мен Әлия Мендыбаева жергілікті басқару органдарымен байланысып, олармен ақылдаса келе, қайырымдылық жәрмекесін өткізу жөнінде шешімге келді. Осылайша, аудандық және қалалық әкімдіктердің қолдауымен  «Жас Отан» мамандары мен еріктілердің ат салысуының арқасында, жан-жақты жарнамаланып, кәсіпкерлерді шараға жұмылдыру жұмыстары жүргізілді.

[su_custom_gallery source=»media: 11282,11283,11284,11285,11286″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Нәтижесінде бұл шараға жайлы естіп, көмек көрсетеміз деп Алматы қаласынан келген қолөнер шеберлері, аспаздар өз өнімдерін сатылымға қояды. Қайырымдылық істен біздің ауданның халқы да қалыс қалмай, сатып алып  та немесе жай ақшалай қорапқа салып та өз белсенділіктерін көрсетті. Ал, базар аумағында орналасқан «Зәмзә» сауда үйінің саудагерлері тауарларының ішіндегі бірқатар көйлектерді жәрмеңкеге қойып, одан түскен қаражатты Алишердің еміне деген есеп-шотқа аударды.  Қайырымды жандардың арқасында 200 000 теңге ақша жиналды. Әрине, бұл сомма жеткіліксіз, сондықтан балалардың церебралды салдануы дертіне (ДЦП) шалдыққан Алишер Абдрахмановтың еміне қажетті қаражат әлі де жиналып жатыр. Кішкентай бүлдіршіннің сауығуына қол ұшын созып, көмек көрсетемін деушілерге төмендегі реквизиттерді ұсынамыз. Банк карталарының нөмерлері:

КАСПИЙ ГОЛД: 5169  4931 4298    6754

ХАЛЫҚ БАНК: 4405  6398 1229   6489

СБЕРБАНК (тенге): 4578   3200   0263   1683

СБЕРБАНК (rub):  4578   3200   0303 5124

КИВИ КОШЕЛЕК: 8747   470   02   92

ТЕЛЕ2:   +7 747 470 02 92

ИИН:  7508  2940 1959

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях