Ауданымызда алимент төлемейтін әкелер үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Алматы облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және облыстық Әділет департаментінің бастамасынмен ұйымдастырған «Әкесінің балаға қамқорлығы» акциясының аясында бүгін аудандық жұмыспен қамту орталығы аудандық кітапханада бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Алимент төлемей жүрген көкек әкелермен күрес мақсатында өткізілген шараға «Азия Агро Фуд», «Диамант», «Шульгин» сияқты 10-нан артық кәсіпорындардың өкілдері өздеріндегі бос жұмыс орындарын келушілерге ұсынды: олар –қызмет көрсету саласы, күзетші, дайын өнімдерді қорапшалар мен қаптарға жинақтаушы адамдар (фасовщик), механик, электрик, жүргізуші, түрлі жұмыстарды атқаратын адам(разнорабочий). Жәрмеңкеге жұмыс іздеген 100-ден астам борышкерлерден басқа студенттер де қатысты.
[su_custom_gallery source=»media: 14418,14416,14417,14419″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Шарада Алматы облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы төрағасының орынбасары Мұхтар Байкулов сөз сөйлеп, борышкерлердің ұсынған жұмыстан бас тартса немесе жұмыспен қамту орталығына келмесе, азамат атқару құжаттың орындауынан жалтарғаң деп саналып, заңмен жазаланатын айтып өтті. Сонымен қатар, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысының орынбасары Абылай Зуайда жәрмеңке келгендерге аталмыш орталықтың жұмысы жайында толығырақ мәлімет берді.
Жәрмеңке барысында келушілер әртүрлі кәсіпорындардан келген өкілдердің барлығымен бетпе-бет сөйлесіп, мүмкіндіктермен танысып, жұмыс іздеушіге қоятын талап-тілектерін тыңдады. Өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар да алды. Шара соңында 48 азамат нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша келесі жылдың ақпан айында басталатын бағдарламаларға ілінді.