Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды  

Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды   

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Цой басқа қызметке ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен кетті. Министр міндетін кім атқаратыны шешіліп жатыр», — делінген ДСМ баспасөз қызметі хабарламасында.

Алексей Владимирович Цой 1977 жылы 2 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Sells College (Лондон), Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының корпоративтік басқару жоғары мектебін тәмамдаған. Стэнфорд университетінде (АҚШ), Сингапурда, Мәскеуде, Германияда, Ұлыбританияда және т. б. елдерде тағылымдамадан өткен. Іскерлік әкімшілендіру докторы, медицина ғылымдарының кандидаты.

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях