«Қалбибі» өнер студиясы дарындылары әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

«Қалбибі» өнер студиясы дарындылары әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Төрт мезгілдің төресі, көктемнің шуақты мейрамы әйелдердің халықаралық күнін ауданымыздың атын жер-жерлерде шығарып, қарасайлық жас дарындылардың жұлдызын жағып, жарқын болашақтарына жол ашып жүрген «Қалбибі» өнер студиясы бүгін Мәдениет үйінде бар сән-салтанатымен тойлады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ақ жаулықты әжелер, ардақты аналардың көңілдерін көтеріп, оларға деген ризашылық сезімін білдіру мақсатында ұйымдастырылған «Асыл ана, Ғасыр әже» атты мәдени кеш марапаттау рәсімінен басталды. Бүгінгі шараға құрметті қонақ ретінде шақырылған аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова сахна төріне шығып, аталған студия атынан кеште өнер көрсететін жеткіншектердің ата-аналарына «Дарынды өнерлі бала әжесі», «Дарынды өнерлі бала анасы» сондай-ақ, аталмыш өнер мектебінде еңбек ететін бірқатар ұстаздарға «Шығармашыл ұстаз» атты медальдар мен Алғыс хаттарды табыстады. Мұнан кейін сахнаға аталған өнер студиясының басшысы Қалбибі Абдуллаева шығып, осы уақытқа дейін оларға әртүрлі қолдау көрсетіп, әрдайым көмек қолын созып жүрген Күлжан Әділханқызы, аудандық орталық Мәдениет үйінің директоры Елнұр Қайратқызы, аудандық Мәдениет және тіл бөлімінің бас маманы Ләззәт Болатқызы сияқты бірқатар өнер жаңашырларын марапаттады.

Мұнан соң бірден көпшіліктің көңілінен шыққан мерекелік бағдарлама да басталып кетті. Хордың «Асыл ана, Ғасыр әже» әнің орындауынан басталған концерт барысында дарынды өнерпаздар қазақ тілінде «Угай», «Ләйлә», француз тілінде «Пардонмуа», «Лямур», италиян тілінде «Фуникула», ағылшынша «It s a mans mans world» сияқты көптеген әндер шырқап, жиналғандарға керемет көңіл күй сыйлады.

Осылайша, әртүрлі тілдерде әсем әндер орындаған «Қалбибі» өнер студиясыда дарынды жастарының атаулы күн кейіпкерлеріне естен кетпес әсер қалдырды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях