Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, бүгін ауданымызда қайырымды істер марафоны аясында, «Қайырымдылық керуені» атты акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Игі бастаманың өтуіне Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығы, «Jas Otan» жастар қанаты және «Ана мен бала» қайырымдылық мекемесінің басшысы, волонтер Әлия Сатпаева белсенді түрде атсалысты.
Іс-шараның барысында демеушілердің көмегімен сатып алынған киім-кешектер мен азық-түлік салынған қораптар көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға таратылды. Бұл істі жұмыла атқаруға қарасайлық еріктілер көмектескенін де ерекше айта кетуге болады.
Қайырымдылықтың басы-қасында жүретін акция ұйымдастырушылары осындай істің ойдағыдай өтуіне, әрі қол ұшын созып, көмек көрсеткен Елтай, Жамбыл және Жібек жолы ауылдық округтері әкімдіктеріне өз алғыстарын білдіруде.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать