Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалында Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі, оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық басқарма басшысы Бірлік Ізбасаров азаматтарды жеке мәселелеріне қатысты қабылдау өткізді. Оған аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева, Іргелі ауылдық округінің әкімі Қадырбек Атшабаров және бірнеше мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Қабылдауда негізінен алдын-ала жазылған Іргелі ауылдық округіне қарасты Кемертоған ауылының тұрғыны Фарида Түркееваның арыз-шағымдары талқыланды. Өз кезегінде азаматшаның сұрақтарына Бірлік Қуатбекұлы заң аясында жауап беріп, шешу жолдарын түсіндіріп, мәселесін назарға алды.