Абайдың 175 жылдық мерейтойының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Абайдың 175 жылдық мерейтойының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл-кемеңгері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы ресми түрде басталды, деп хабарлайды   Karasayinfo.kz  желілік басылымы   «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Оның салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Мерейтой аясында биыл 500-ден аса іс-шара ұйымдастырылатын айта кеткен жөн. Маңызды жобалардың қатарында Абай шығармаларының жинақтарын 10 шет тіліне аудару жұмысы да бар. Сондай-ақ, Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы бірнеше деректі фильм мен телесериал түсіріледі. Тамыз айында Семей қаласында UNESCO-мен бірлесіп өткізілетін «Абай мұрасы және әлемдік руханият» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ең басты шараға айналады. Ал, қазан айында Елордада «Абай және рухани жаңғыру мәселелері» деген тақырыпта халықаралық конференция өтеді. Осы танымдық-тағылымдық іс-шаралардың барлығы ұлы ғұламаның мұрасын төрткіл дүниеге паш етуді, танытуды, насихаттауды көздейді.

Жақында ғана жарияланған Мемлекет басшысының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы да қазақ әдебиеті мен мәдениетінің алыбын қайта зерделеуді, дәріптеуді мақсат етіп отыр. Ұлы ақын мерейтойының салтанатты ашылу рәсіміне арналған концерттік бағдарламада Абай әндерін  симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен еліміздің өнер шеберлері орындаса, театр майталмандары Хәкім Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін, философиялық ой тұжымдарын көпшілікке тарту етті.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях