Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай ауданда бір уақытта диктант жазылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланғаннан бері республика бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, ұлы ақынды ұлықтау жұмыстары жүзеге асырылуда.
Біздің аудан да өз деңгейінде ақынның мерейтойын насихаттауды мақсат тұтып, Абай Құнанбайұлының шығармалары мен өнегелі өмір жолынан сыр шертетін шараларды жоспарлы түрде атқарып келеді. Соның бір айқын дәлелі ретінде бүгін аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен әдеби-жазба жұмысын айтуға болады.
[su_custom_gallery source=»media: 16073,16072,16071,16069,16046,16045″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Бір уақытта диктант жазуға деген белсенділіктерін танытқандардың қатарында аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы мен спорт бөлімінің жас мамандары, сонымен қатар, ауданға қарасты барлық колледждердің студенттері мен «Úshqońyr» спорт кешенінің ұжымы болды. Диктантқа негізделген мәтіннің нұсқасы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романындағы «Саятта» деген тақырыппен үзінді ретінде алынды.
Абай әлемін жақын танытуға арналған жазба жұмысының жалпы мақсаты – әдеби сананы жаңғырту, ақынның аз да болсын өмірлік кезеңіне шолу жасап, шығармаларына деген қызығушылықты арттыру. Сондай-ақ, сауатты жазуды негізге ала отырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді қосы айта кетуге болады.