Ақылды қала

Ақылды қала

Қазақстанда толықтай цифрлық деп санауға болатын алғашқы Ақкөл Smart City қаласы пайда болды деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылым sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

2018 жылдың мамыр айында «Тенгри Лабор» IT компаниясы ERG, BTS Digital, AЭТК (Ақмола электр тарату желісі компаниясы) және Ақмола облысының әкімдігімен бірлесе отырып «ақылды қала» жобасын іске асыра бастады. Жоба қолға алынған уақыттан бері LoRaWan технологиясы арқылы Ақкөл қаласы толығымен 4G желілерімен қамтамасыз етілді. Қалада автоматты түрде қолданылған ресурстарды өлшейтін 4500 су есептегіш пен 6000 электр есептегіш құрылғылары қосылды. Көшелердегі ескі жарықтандыру құрылғыларының орнына автоматты түрде өшіп-жанатын 250 жарықдиодты шамдар орнатылды. Сондай-ақ, жүз километрден астам қуат кабельдері ауыстырылды.

 

Бұдан бөлек адамды түр сипатынан анықтай алатын 70 интеллектуалды бейнебақылау құрылғысы орнатылды. Сонымен қатар, Ақкөлде экологиялық мониторинг жүйесі, түтінді анықтайтын ақылды датчиктер пен қоғамдық көліктерге толықтай GPS-құрылғылары қойылды. Адамдар демалатын орталық алаңда смарт орындықтар пайда болды. Олардың ерекшелігі – қала тұрғындары бұл жерде демалып қана қоймай, ұялы телефондарын да қуаттап алуға мүмкіндігі бар. Мұндай орындықтардың батареялары электр қуатты күн батареялары арқылы алады. Сондай-ақ, іші қыста жылы, жаз мезгілінде салқын болып тұратын «ақылды» аялдамаларда орнатылды. Оның жабық және ашық бөліктері бар. Жабық бөлігіне бір уақытта 15-20 шақты адам сияды және де оған қолжетімді тегін Wi-Fi жүйесі қосылған. Одан бөлек, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін бейнекамера орнатылған. Жаңадан балалар ойнайтын және спортпен айналысуға арналған workout-алаңдары бар. Осының бәрін басқару үшін «қауіпсіз смарт-қала басқару платформасы» жасалған. Орнатылған бейнебақылау аппараты мен датчиктер арқылы қалада болып жатқан барлық ақпарат осы платформаға келіп отырады. Және осы құрылғымен ауа райының өзгеруін, атмосфералық ауаның нашарлауын, үйлер мен пәтерлердегі температура сапасының төмендеуін анықтауға болады.

Аталған жобаны іске асырушылардың айтуынша, болашақта бұл жоба арқылы Қазақстанда Ақкөл сияқты «смарт қалалар» пайда болады.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях