АҚШ-та төрт жанып жатқанына 4 апта болған орман өртінен қаза болғандар саны артып келеді, қазір өрттен құрбан болғандар саны кем дегенде 33 адамды құрап отыр. Бұл туралы karasayinfo.kz желілік басылымы Euronews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Із-түссіз жоғалып кеткендер де бар. Ел билігі бұл қайғылы тізімнің әлі толыға түсуі мүмкін екенін айтып отыр. Мыңдаған үй өртеніп кеткен. Өрттен болған шығынның көлемін анықтау керек. Ең ауыр жағдай өрттің 96 ірі ошағы тіркелген Калифорния, Орегон және Вашингтонда қалыптасты. Өртті сөндірумен 29 мың адам айналысып жатыр. Орегон губернаторы Кейт Браунның айтуынша, соңғы күндері штатта төрт мың шаршы шақырымға жуық жер өртенді. 40 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге шығарылған. Тұрғындары эвакуациялануы тиіс аудандарда 500 мыңнан астам адам тұрады.
Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп өртке оранған Калифорнияға жол тартпақ.